RU | EN | KK

Ресурстар

Біздің команда

«VB Белес» ЖШС жоғары білікті персоналдың арқасында жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Кадр құрамы 95%-ға көптеген казақстандық жобаларда жұмыс өтіліне ие жергілікті қызметкерлерден тұрады. Жұмыс барысын басқару мен оқытуды сәтті халықаралық жобаларымен көзге түскен тәжірибелі шетелдік мамандар жүзеге асырады.

Біздің бригадалар түрлі жобаларда шапшаңдықтары мен жұмысқа деген кәсіби көзқарастары негізінде өздерін жағымды жағынан көрсетіп үлгерді.

Қызметкерлер ЗБ I, II және III деңгейлі түрлі әдістері бойынша ИСО 9712, EN-473 және термоөңдеу стандарттарына сәйкес сертификатталған, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қадағалау және бақылау бойынша қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсаттамаларға, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпсіздік бойынша куәліктерге, қауіпті жүктер тасымалдау құқығын растайтын куәліктер мен қауіпсіз көлік жүргізу курстарын өту жөніндегі сертификаттарға ие, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардан тұрақты өтіп тұрады, барлық қажетті рұқсатнамаларға ие.

Сіздің түйіндемеңізді қалдырыңыз
сәтті жіберілді Хабар! Сіз нысанда толтыру қажет!

Техникалық жабдықталуы

Компания жұмысының басты бағыттары бұзбайтын бақылау және термиялық өңдеу болып табылады. Бұзбайтын бақылау зертханаларының басты міндеттері торапты құбыр желілері мен өнеркәсіптік коллекторлар құрылысында, қолданысында және жөндеу жұмыстарында және газ, мұнай өңдеу, құрылыс сияқты басқа да нысандарда, өнеркәсіптің өзге де салаларында көшпелі диагностикалық, бақылау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Қалалық және далалық жағдайда «VB Белес» ЖШС түрлі климат жағдайларына қолдануға арналған контейнерлері бар жылжымалы бұзбайтын бақылау зертханаларын пайдаланады.

Компания қызметтің барлық түрлерін ұсынатын болғандықтан, біздің зертханаларымыз Тапсырыс берушімен жеке келісім негізінде бақылаудың барлық әдістерін жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтардың сан алуан түрлерімен жасақталған. Радиография / рентгенография кезінде иондаушы сәулелену көздері / рентген аппараттары үшін жылжыамлы уақытша қоймалар іске қосылады. Аталған жабдықтар қажетті барлық рұқсатнама санитарлық құжаттамаларға ие, және әр қозғалыс қадағалаушы органдармен жіті қадағаланып, үйлестіріліп отырады.

Компания қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған мамандандырылған автотранспорт паркіне ие, оның жұмысы радиоактивті зарттарды тасымалдау үшін берілген лицензия шарттарымен, бақылаушы транспорт органдарымен келісілген бағыттарымен және жүргізушілердің осы тектес жұмыстарды жүзеге асыруға арнайы рұқсатнамаларымен қатаң түрде реттеледі.

Сапа кепілдігі

«VB Белес» ЖШС келесі лицензияларға ие:

  1. Бұрғылау, мұнай газ өнеркәсібі, геологиялық барлау, металлургиялық, энергетикалық, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құралдарды, сонымен қатар жұмыс қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және 115°С жоғары температуралы қазандарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысымда жұмыс жасайтын түтікшелер мен құбыр желілерін жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу құқығын беретін
  2. Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар құрылғылар мен қондырғылармен қолдану құқығын беретін
  3. Иондалған сәулеленуді түрлендіретін құрылғылар мен қондырғыларды қолдануға
  4. Транзиттік, ядролық материалдар, радиоактивті заттар, радиоизотопты иондалған сәулелену көздерін, радиоактивті қалдықтарды қоса алғанда Қазақстан Республикасы территориясы шегінде тасымалдауға

 - ҚР СТ ИСО 9001:2009 «Сапа менеджменті» жүйесінде сертификатталған

 - СТ РК OHSAS 18001-2008 «Қауіпсіздік басқару және еңбекті қорғау» жүйесінде сертификатталған

 - «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкестік бойынша аккредиттелді

 - Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында (мұнайгаз, химиялық, мұнай химиялық, тау-кен өнеркәсібі, қысым астында жұмыс жасайтын түтікшелер мен жүк көтергіш тетіктер) жұмыс жасау құқығын аккредиттелді

 - Мамандарды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысшыларды дайындау, қайта даярлауға

 - Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын өткізу

 - Қауіпті өндірістік нысанның өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларациясын дайындау

Компания халықаралық стандарттар мен жергілікті нормативтерді, Басшылықтың сапа бойынша ішкі саясаты мен ережелерін қатаң ұстанады.