RU | EN | KK

ТОО "VB Белес"

Клиенттерге Жоба талаптары мен күтілетін нәтижелеріне сәйкес жоғары сапалы, сенімді және бәсекеге қабілетті қызмет көрсетулерді ұсыну

Біз бүлдірмейтін, термоөңдеу және техникалық диагностика саласында қызметтер көрсететін.

Компания мақсаттары:

  • Ұлттық нормативтер мен халықаралық стандарттарға сай қызмет ету
  • Клиент пен Жоба құжаттамасы талаптарын ескеру
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және қоғамды құрметтеу
  • Адами ресурстарды саналы түрде жайғастыра отырып, заманауи басқару қағидаларын қолдану, шығармашылық әлеуеті мен жігеріне қолдау білдіру
  • Барлық материалдық және қаржы ресурстарды тиімді пайдалану
  • Біздің Клиенттерімізбен, Әріптестерімізбен және Жеткізушелірімізбен жұмысты сәтті үйлестіру
  • Сенім қағидалары мен корпоративтік этика ережелерін ұстану

Радиография және рентгенографиялық бақылау (Гамма-сәулелену және рентген)

РБ гамма/рентген сәулелерінің металлдан өтіп, дәнекерленген жиектің кері жағында орналасқан жарықсезгіш рентген таспасына әсер ету қабілетіне негізделе отырып, сыртқы және ішкі ақауларды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Ультрадыбысты дефектоскопия / Сатылық торлар / Дифракциялық-уақыттық бақылау әдісі / Қалыңдықты өлшеу

Ультрадыбысты бақылау ультрадыбысты ауытқушылықтардың таралуы процесі мен олардың бақылаудағы бұйымдардағы ақаулар мен шалалықтардың әсерінен арнайы құрал көмегімен бейнеленуін қандай да бір зақым тигізбей зерттеуге негізделген.

Магнитұнтақты бақылау / Енбелі заттар арқылы бақылау

МБ магнит ұнтағы бөлшектерін бақылаудың магниттелген нысандарындағы ақаулардың үстінде пайда болатын магнит шашырау ағындарымен тарту құбылысына негізделген. ЕЗБ ақаулар мен олардың кереғар бейнелерінде сұйықтықтың (пенетранттардың) капиллярлық енуіне негізделген. Ол өз кезегінде беткі ақауларды анықтау үшін қолданылады.

Термоөңдеу / Қаттылықты өлшеу

Термоөңдеу учаскенің белгілі бір температураға дейін қыздырылуынан, ұсталым мен құрылым, өңделіп жатқан бөлшектің механикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгерісімен бірге салқындауынан тұрады. Қалыңдықты өлшеу металл мен қоспаның сапасын, олардың түрлі құрылымдарда және түрлі жұмыс жағдайларында қолданылу мүмкіндіктерін анықтау үшін жүргізеді.

Бояу бетінің және изоляцияның сапасын сынау / Құбырларды магнитсіздендіру

Жабын сапасын бақылау оның сыртқы бейнесі бойынша бақылау, жабынның қалыңдығын тексеру, оның қуыстылығын тексеру, жабынның негізгі металлмен тұтасуын сынаудан тұрады. Магнитсіздендіру – кемімелі ауытқу шегімен ауыспалы магнит өрісі әсерімен дәнекерлеуді жеңілдету үшін материалдың магниттелуін азайту процесі.

Стилокөшірмелеу / Феррит құрамын өлшеу

Сандық сипаттамасы мен материалдардың микроқұрылымын анықтау, статистикалық талдау және зерттеу нәтижелері бойынша есептеулер, сандық бейнелер атласы мен зерттеу материалдары хаттамаларын дайындау. Феррит сатысы құрамын анықтау және бақылау

Сұйыққоймалар түбін зерттеу / Тотығуды карталау

Құрылымның барлық элементтерін, соның ішінде оның түбі мен қабырғаларын ықтимал қалдық ресурстармен келешекте қауіпсіз пайдаланылу шарттары, кейінгі зерттеулердің мерзімі мен деңгейі, жөндеуден өткізу немесе қолданыстан шығару қажеттігі жөнінде ұсыныс дайындау мақсатында диагностикалық талдау жасау.

Ваккумдау / Саңлаусыздыққа бақылау жүргізу

Саңлаусыздыққа бақылау жүргізу – сұйықтық пен қысым астында газды сақтауға қолданылатын түтікшелердегі дәнекерленген жиектердегі ақауларды тексерудің жалпы әдісі.

ҰЗЫН ТОЛҚЫНДЫ ӘСЕРЛІ УЛЬТРАДЫБЫСТЫ ТЕХНОЛОГИЯ (ҰТУТ)

Құбыр желілерінде түрлі сағат орналасуы бойынша жүргізілетін ультрадыбысты бақылау әдісімен салыстырғанда ҰТУТ бір нүктеден құбырдың 100 пайыздық сканерлеуін жүзеге асырады. Аталған технология көмегімен теңіздегі тік орналасқан құбыр желілері, алаңнан тыс құбыр желілері, жол өткелдері, бөгеттер, су өткізгіш құбырлар мен қаптамадағы құбырлар сияқты қол жетімсіз тұстарды тексеруге болады. ҰТУТ-сын көптеген ірі мұнай және газ компаниялары соңғы 10 жылдан аса уақыт бойы қолданып келеді.

ИМПУЛЬСТІ ҚҰЙЫНДЫ ТОҚ АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАУ (ИҚТБ)

ИҚТБ изоляция астындағы тотығуды тексеру кезінде қолданылады және бұл техникада қалыңдықты бейметалл жабындардың кез келген түрі/изоляциядан шығармастан изоляциялау/жабындар арқылы өлшенуі мүмкін. Қарапайым қолданылуы – сфералық сұйыққоймаларды тіреуге арналған бетон жабыны, оқшауланған құбыр желілері, құрамалы кірпіш/сұйыққоймаларды бекітетін бетон белдемдер және т.б. ИҚТБ өтіп жатқан операцияларды бұзбай-ақ өте жоғары және өте төмен температураларда онлайн түрде жүргізуге болады.

АКУСТИКАЛЫҚ ЭМИССИЯ ӘДІСІ (АЭӘ)

Құрылымдардағы/жабдықтардағы қалдық көздері әсерінің деңгейін анықтау, шектеу және өлшеу кезеңдерін қамтиды. Әдістеме сұйыққоймалардың саңлаусыздығын, тотығу мен бөліктеудің белгілерін барлау, тексеру, сұйыққоймаларды бақылау және т.б. әдістерінен тұрады. Көпірлер мен ұшақтар құрылымын үздіксіз бақылау – мұнай газ саласынан өзге салалардағы қолданылуының мысалдары болып табылады.

Сұйыққоймаларды интерактивті сынау (Роботтандырылған бақылаушы)

Пайдалану барысындағы бақылаудың негізгі ерекшелігі – оның роботтандырылған жүйесі. Қашықтықтан басқарылатын гидравликалық робот қолданыстағы сұйыққоймалардың түбін тексеру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрастырылған.

Сұйыққоймалар түбінің саңлаусыздығын электромагнитті бақылау

бұл әдіс тексеріс кезінде тотығу мен мүжілуді таңбалы бақылау үшін сұйыққоймалардың түбін сканерлеуде қолданылады. Ол сұйыққойма түбіндегі көлемді өзгерістерді бейнелеуге, яғни оның жай-күйі мен бүтіндігіне баға беруге мүмкіндік беретін айтарлықтай тиімді құрал болып табылады.

Нысанның бүтіндігін визуалды бақылау (НБВБ)

Нысанның бүтіндігін бақылау технологиялық жабдықтар мен құралдарды қауіпсіз және сенімді қолдану үшін арналған бағдарлама болып табылады. Активтерді, бағаларды бақылау, сәйкестік пен құжаттаманы қадағалау көмегімен экологиялық, операциялық қауіп-қатерлерді және қауіпсіздік қатерлерін барынша азайту және жеңілдетуді қамтиды.

Автоматтандырылған ультрадыбысты тестілеу (АУТ)

Автоматтандырылған тексеру жүйесі - жобалау технологиясы зерттемелерінің бірі болып табылады. Ол тотығуды карталау әдісін, дифракциялық-уақыттық әдісті, жаңғырықты-импульсті ультрадыбысты сынақ, дәнекерленген қосылыстар сапасын аймақтық бақылау, сатылық торларда ультрадыбысты бақылау әдістерін қолданады. Бұл технология мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсіптерінде қолданылатын құбыр желілері мен түтікшелерді зақымдамайтын зерттеу әдісімен байланысты. Тұтынушыға зерттелетін материалдың нақты көрінісі ұсынылады, бұл өз кезегінде ақауларды талдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.

ҚҰБЫР БҰЙЫМДАРЫН БАҚЫЛАУ

Құбыр бұйымдарын бақылау қара және түсті металлдардан (қарапайым және бедерлі) жасалған құбырларды Құйынды тоқ арқылы бақылау, қашықтықтан тестілеу, қаныққан тұрақты тоқ пен айналмалы бақылаудың ішкі жүйесін құйынды тоқ арқылы бақылау әдістері көмегімен тексеруге арналған.

Қызмет көрсету үшін сұрау жіберубізге жазыңыздар