RU | EN | KK

Компания туралы

“VB Белес” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізі 2009 жылы 16 маусымда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында қаланды.
Бұл 100 пайыз тәуелсіз Қазақстандық компания.
“VB Белес” ЖШС Бұзбайтын Сапа Бақылауы саласында қарапайым және жетілдірілген әдістерді қолдана отырып, сан алуан қызмет көрсету, техникалық сараптама мен термоөңдеудің бірнеше түрін жүзеге асыру нарығында көшбасшы орындардың бірін алады. Компания құрылған кезден бері өз қызметкерлер шеңберін айтарлықтай кеңейтті, заманауи әдістемелерді меңгеріп, бүгінде Клиенттер мен Әріптестер арасында оң беделге ие. Біздің компаниямыз құбыр желілері, өндірістің жер үсті нысандары сапасын бақылау жобаларын басқару, мұнай мен газ өңдеу және сақтау, энергетика, коммуналды шаруашылық салаларында мол тәжірибе мен қажетті біліктілікке ие. Қызметкерлеріміздің жоғары біліктіліктері, қолданылатын жабдықтардың жетілдірілуі, біз ұсынатын қызмет көрсетулердің тиімділігі мен құндылығын арттыратын жаңа әдістерді іздестіруге бағытталған технологиялық дамыту бағдарламаларының арқасында бақылау және диагностикалау салаларында жаңа аймақтық стандарт орнатуға ұмтылып келеміз. Тың әдістер мен технологияларды пайдалану ЗСБ, диагностикалау және термоөңдеу салаларындағы ең күрделі техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Жұмыс көлемінің артуы себепті 2011 жылы 9 тамызда “VB Белес” ЖШС Атырау қаласындағы тұрақты Бөлімшесі ашылды.

Презентацияны жүктеу